Сарысу аудандық мәдениет үйінің алдында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымағы, бірлігі жарасқан – Қазақстан жасасын!» атты мерекелік кеш өтті. Думанға толы шараны аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, қала және ауылдық округ әкімдері мен тұрғындар тамашалады. Алдымен келушілер алаңдағы қолөнер көрмелерін тамашалады. Содан кейін жас спорт чемпиондарының дәліздерін, жас спортшылардан құралған каратэ шеберлерінің жаттығу көріністерін ұсынса, балабақша ұжымы фото зона, ұлттық спорт ойындары мен этнос өкілдерінің көрмелерін көрсетті. Сахнаның жанындағы Алтыбақанда жастар көңілді кештің көрінісін айқындады.


