Сарысу ауданында «Алқаптан сөреге» жобасы жүзеге асуда

64


Осы бастаманы қолдаушы Игілік ауылдық округінің «Алмас-К» шаруа қожалығының төрағасы Қ.Жүсіпалиев тәжірибе ретінде Талас өзенінің арнасының 8 га жеріне бақша дақылдарын екті.

Атап айтқанда, 4,5 га жерге картоп, 2 га қауын-қарбыз, асқабақ, 1,5 га сәбіз егіп, бүгінгі күні өнім жиналып, аудан тұрғындарына өткеруде. Мәселен, 1 га жерден 150 центнер картоп өнімі алынды. Бұл жерде айта кететін басты мәселе, егілген бақша дақылдары сусыз өніп отыр.

Себебі, көлтабанда өткен жылы су келмегенмен, дақылға қажетті ылғал сақталған. Келер жылдың өнімі үшін осы тәжірибені әрбір ауылдық округте пайдаланып, тұрғындарға бақша дақылдарын егуге жер телімдерін беріп, аудан тұрғындарын азық-түлік, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге мол тәжірибе іске қосылатын болды.

«Алмас-К» шаруашылығы еккен картоп, сәбіз, бақша өнімдері арада делдалсыз ауыл тұрғындарына арзандытылған бағамен сатылады.

Сонымен қатар, өндірілген өнім ауыл-шаруашылық жәрмеңкелері мен Тараз қаласында 1-ші қазан күні аудандардың қатысуымен өтетін кеңейтілген жәрмеңкеде облыс тұрғындарына ұсынылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.