Сарысу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

234
Сарысу ауданының  әкімі Марат Сұлтанғалиевтің №354 өкімімен Аманов Қайрат Тілеубайұлы Сарысу ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Аманов Қайрат Тілеубайұлы 1964 жылы 9 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
1990 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «агрохимия және топырақтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы Сарысу аудандық ветеринариялық станциясында қарапайым жұмыстан бастаған.
1982-1984 жылдары әскер қатарында.
1984-1985 жылдары «Коммунар» совхозында құрылыс бөлімінің жұмысшысы.
1990-1995 жылдары «Коммунар» совхозында бригадир көмекшісі, №1 ферманың бригадирі, аға агрономы.
1995-1997 жылдары «Алтай» шаруа қожалығының төрағасы.
1997-2001 жылдары «Ақжол» шаруа қожалығының төрағасы.
2001-2004 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты аудандық жер инспекциясының бас маманы, Сарысу ауданы әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы.
2005 жылы Сарысу ауданы әкімиятының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппараты кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің маманы, бас маманы.
2006-2010 жылдары Сарысу ауданы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2010-2011 жылдары Сарысу ауданы әкімідігі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.
2011-2013 жылдары Алматы қаласы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының азаматтық қызметші статисті.
2013-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы және тұқым инспекциясының бас маманы.
2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және селолық тұтыну кооперациясын дамыту бөлімінің басшысы.
2016-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.