САРШАЕВ — ҚАРАТӨБЕ А/О ӘКІМІ

118
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімімен, ауданы әкімінің 2023 жылдың 7 тамыздағы өкімімен Саршаев Асхат Батырбекұлы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Қаратөбе ауылдық округіне арнайы барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұы жаңа сайланған ауыл әкіміне сәттілік тілеп, ауыл ажарын ашуға, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне білек сыбана кірісу қажеттігін алға тартты.
Айта кету керек, 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы орайда күні кеше Қаратөбе ауылдық округінің тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, дауыс берді.
Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев қатысып отырды
Асхат Саршаев Батырбекұлы 1987 жылы 02 қаңтарда , Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Жезді ауылында туылған.
2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін заңтану мамандығы бойынша оқуын бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған.
2013-2013 жылдары Жамбыл ауданы, Аса ауылында Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесшісі;
2013-2013 жылдары Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізуші міндетін атқарушы;
2013-2015 жылдары Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізуші;
2015-2021 жылдары Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2021-2023 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің бас маманы;
2023 жылдың мамыр айының 05 күнінен 2023 тамыз айының 07 күні аралығында Жамбыл ауданы, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.