АУҚАТТЫҒА ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ

150
Иенберген Алмас Білімұлы
Қордай ауданы әкімінің 2023 жылғы 07 тамыздағы № 81 ө-ж/қ
өкімімен Қордай ауданы Ауқатты ауылдық округінің әкімі
болып тағайындалды.
Иенберген Алмас Білімұлы 1994 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары.
2017 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Қордай ауданы бойынша салық басқармасында жастар тәжірибиесінен бастаған.
2012-2014 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының инспекторы, 2014-2018 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының статистигі, 2018-2019 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас маманы, 2019-2020 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас маманы, 2020 жылы Қордай ауданы әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі, 2020-2023 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы болып қызметтер атқарған.
Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.

Қордай ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.