Сарапшы қазақстандық нокаутшының лас әрекетке баруына не себеп болғанын айтты

60

World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (18-1, 14 KO) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.

26 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде Кособуцкий қарсыласын белден төмен ұра бергендіктен дисквалификация алып, карьерасында алғаш рет жеңілді.

«Кособуцкий мүмкіндігін пайдалана алмағаны өте өкінішті. Аджагбамен жекпе-жек оның дивизион элитасына апарар жолдамасы еді. Жан қобалжуын баса алмаған сияқты. Аджагба тыйым салынған соққы жасап, оны төреші көрмей қалуы ықтимал. Алайда мұндай деңгейдегі жекпе-жекте концентрацияны жоғалтуға болмайды. Қазақстандық боксшы жолы болатынына сенімін жоғалтып, қарсыласын өзінше жазаламақ болды. Өте өкінішті жағдай. Ол әлеуеті зор боксшы», – дейді Джей.

https://turkystan.kz/article/232193-sarapshy-kazakstandyk-nokautshynyn-las-ereketke-baruyna-ne-sebep-bolganyn-aytty/

Leave A Reply

Your email address will not be published.