«Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры тағайындалды

79

Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев Университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.

Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.

Соңғы жеті жыл бойы «Самұқрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.

Айта кетейік, өткен жұмада оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 

https://turkystan.kz/article/231693-samuryk-kazynanyn-baskarushy-direktory-tagayyndaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.