ӘКІМДІК МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

119
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті.
Әкімдіктің күн тәртібінде бірінші «Сарысу ауданы бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы» мәселе қаралды.
Аталған мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев баяндама жасады.
2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шара жоспары бекітілген. Іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгінгі күнге дейін 2 рет аудандық штаб отырысы өтіп, тиісті жұмыстар атқарылған.
Жалпы ауданда жылу жүйесімен барлығы 5 782 нысан қамтылған. Жаңатас қаласындағы 527 нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 341 жеке тұрғын үй табиғи газды пайдаланып отыр. (Тоғызкент, Досбол, Майлыкөл және Әбілдә ауылдары). Қалған 4790 жеке тұрғын үй мен 124 әлеуметтік нысандар көмірмен және сұйық отынмен жылытылады.
Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні жылу жүйелері гидравликалық сынақтан өткізілді. Анықталған ақауларға іс-шара жоспары әзірленіп, алдағы жылыту маусымына дейін қалпына келтіру бойынша жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығы 97,9% құрайды. Көпқабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындық шаралары 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқталады.
Қазандықта қалған қалдық мазут көлемі 1040 тонна. Толық көлемде мазут сатып алуға қаржы жеткілікті.
Аудандағы 4790 жеке тұрғын үйлерге қажетті көмірдің жоспары – 17,0 мың тонна. Жаңатас қаласында көмір сатумен 4 кәсіпкер айналысады. Бүгінде Жаңатас қаласындағы көмір тұйықтарында 4100 тонна көмір бар.
Аудандағы білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларындағы барлық әлеуметтік нысандарға тиісті қатты және сұйық отындар өз уақытында жеткізілуде.
Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе «Жердің экспликациялық жағдайы, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, қосалқы жалға алынған жерлерлің жай-күйі туралы» аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Ұзақбеков баяндады.
Ауданның жер көлемі 3136094 гектарды құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы көлемі 639,1 мың гектар. Жалпы жайылым жерлерді пайдаланудың негізгі 5 бағыты бойынша атқарылып келеді.
1. Босалқы жер қорындағы жайылымды елді мекенге бекіту, 2. 5 км радиуста орналасқан жайылымдарды қайтарып, елді мекенге бекіту, 3. Мал басы көп тұрғындарды орман қоры жеріне шығару, 4. Шаруа қожалықтарының жерлеріне кедергісіз мал жаюға келісімге меморандум жасау, 5. Игерілмеген жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару.
Биылғы жылы жер қайтару жоспары 40,0 мың болып белгіленген. Бүгінгі күнге қайтарылған жер көлемі 6 951 гектар, Жакында 11 000 га жуық жерлердің қайтарылуы жоспарлануда. Жыл соңына дейін жоспар орындалатын болады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Игілік ауылдық округі әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарының зерделеу қорытындысы туралы» аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев хабарлама жасады.
Ағымдағы жылдың 23 тамызы күні арнайы жадынамаға сәйкес 15 тармақ бойынша Игілік ауылдық округіне зерделеу жүргізілген. Хабарламашы атқарылған жұмыстармен қатар, анықталған кемшіліктерді айтып өтті.
Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдап, анықталған бірқатар кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырды.
Жиын барысында Түркістан және Досбол ауылдық округтерінің әкімдері өз округтері бойынша зерделеу барысында анықталған кемшіліктердің орындалуы туралы баяндады.
Сонымен қатар, әкімдік мәжілісінде бірқатар қаулылар қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.