Салтанатты жиын

68

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиынға қатысты.
«Ұлбике» ақын атындағы мәдениет үйінде өткен шарада аудан басшысы таластықтарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне, дамуына қосқан үлесі, сіңірген елеулі еңбегі үшін және 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай бірқатар азаматтарды Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.
Шара соңы таластық өнерпаздардың әуелеген әнімен, тамаша би қойылымымен жалғасты.

 

Қаратау қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.