Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

87

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі өткізіліп, онда жалпы 10 мәселе қаралды, оның ішінде 2 тәртіптік іс.
Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Б.Ташметовке және Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысы Н.А.Тыныбековке қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды.
Бұл ретте, А.Б.Ташметовке қатысты тәртіптік істі қарау нәтижесімен, Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған мемлекеттік қызметшіге «мемлекеттік лауазымын төмендету», ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдану ұсынылды.
Сонымен бірге, Н.А.Тыныбековке қатысты тәртіптік істі қарау нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңеспен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.

Одан бөлек, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шаралары туралы Тараз қаласы әкімінің және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының есептері тыңдалды.
Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған бағытта жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар енгізілді.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов және Қордай ауданы әкімі аппараттарының бірынғай тәртіптік комиссияларымен 2023 жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындылары қаралды.
Одан бөлек, Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларының сақталуына жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы аталған мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы бөлім басшысының есебі тыңдалды.
Профилактикалық мәселелерді қарау нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен тиісті ұсынымдар енгізілді.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті

Leave A Reply

Your email address will not be published.