Сала ардагері жас маманның біліктілігін шыңдауда

189

Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес жас қызметкерлерді қолдау мақсатында сала ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шара аясында ҚАЖ саласының ардагері Қарлығаш Жайлаубаева жұмысқа жуырда орналасқан жас қызметкерге ұзақ жылдар бойғы еңбегі барысында үйнергенімен бөлісіп, тәжірибесін шыңдады.

Қарлығаш Қуандыққызы осы салада қызметті 2002 жылдан бастап 2018 жылға дейін қызмет атқарған. Соның ішінде ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2, ЖД-158/7, ЖД-158/1, ЖД-158/5 мекемелерінде арнайы есеп бөлімінің бастығы болып 10 жыл қызмет атқарған. Зейнетке 2018 жылы ЖД-158/7 мекемесінен арнайы есеп бөлімінің бастығы болып шыққан, қазіргі кезде ЖД-158/2 мекемесінде ерікті жалдамалы қызметкер есебінде, арнайы есеп бөлімінің инспектор қызметін атқарады, сала қызметкерлеріне өз ақыл кеңесін беріп, үлесін қосуда.

Тәлімгерлік – тәрбиенің бір түрі. Ол жас маманды жұмыс орынында оқыту арқылы, аз шығынмен қолданбалы  құзыреттіліктерді меңгертудің қуатты құралы. Тәлімгерлік озық тәжірибеден туындайды. Тек өзгеше, бұрынғыдан нәтижелірек тәжірибе ғана осындай атқа ие болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.