«Рухани қазына – 2019» фестивалі мәдениет саласы ұжымдарының басын қосты

1 098

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында а.ж. 19-22 мамыр аралығында Нұр — Сұлтан қаласында мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің      ІІ «Рухани  қазына — 2019» республикалық  фестивалі өтті.

Фестивальға әр өңірлердің мәдениет басқармаларының өкілдері, кітапхана, музей, халық шығармашылығы және мәдениет үйлері мен клубтарының қызметкерлері қатысты.

Алғашқы екі күні облысымыздың музей, кітапхана, халық шығармашылығы орталығы, мəдениет үйлері мен клубтарының қызметкерлері «Рухани қазына» республикалық байқауында өз бақтарын сынады.

21 мамыр — мəдениет жəне өнер мекемелері қызметкерлері күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде фестивальдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі А.Райымқұлова, ҚР ақпарат жəне қоғамдық даму вице — министрі Ж.Омарбекова, ҚР қоғам қайраткері М.Жолдасбеков қатысушыларды  құттықтап, сəттілік тіледі.

Ашылу салтанатынан кейін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Кітапхана – білім және шығармашылық орталығы ретінде», ҚР Ұлттық музейінде «Музей – жаһандану дәуіріндегі ұлттық құндылық» жəне «Қазақстан» орталық концерт залында «Мәдени ойын-сауық саласы» бағытында түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптары, дәрістер және пікірталастар өтіп, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Төрт күнге созылған фестивальдің  нəтижесінде Жамбыл облысы Талас аудандық орталықтандырылған кітапхана «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана» номинациясын жеңіп алып, кітапхана директоры Ш.Жұмабекова 1000000 теңгенің сертификаты, жеңімпаз дипломы мен «Рухани қазына-2019» статуэткасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ұсынысымен Ш.Уəлиханов атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, облыстық көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін азаматтарға аралған кітапханасының директоры А.Мейманқұлова «Мəдениет саласының үздігі», Меркі, Мойынқұм аудандық кітапханаларының  директорлары, Сарысу ауданы Жайылма ауылдық және Жуалы ауданы Талапты ауылдық кітапханаларының кітапханашылары «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгілерімен марапатталды.

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының қызметкері Шойра Миршарипова «Болашақта кітапхана – жастар үлесінде» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлық табыс етілді.

Кәсіподақтар ұйымының атынан Ш.Уəлиханов атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Б.Тоқсанбаева «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі»,  төсбелгісімен марапатталып, 30 000 теңге сыйақы табысталды.

Сонымне қатар, фестивальға қатысқан барлық мекемелер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен мараптталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.