РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

96

Жерлестеріміз өз тобында Алматы қаласының «Кроус», «Кегог», «JMI» және ШҚО-ы, Күршім ауданынан келген «Көкжал барақ» командаларын ұтып, өз тобында бірінші орынды иеленіп, келесі айналымға жолдама алды. 1/8 финалда тағы да «Көкжал барақ» (ШҚО-ның) 1/4 финалда Жаңақорғаннан (Қызылорда облысы) келген команданы тізе бүктіріп, жартылай финалға өтті. Сонымен қатар, іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша жартылай финалға «Шекара» (Алматы қаласы) және Алматы облыстарының «Кеден ауданы» және «Шырын» командалары шыққан еді.
Жартылай финалдық ойындар аса тартысқа толы болды. Жерлестеріміз Алматы облысының «Кеден ауданы» командасын 2:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Тартысты финалда аудан командасы 2:1 есебімен «Шекара» (Алматы қаласы) командасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. «Шекара» (Алматы қаласы) командасы турнирдің жеңімпазы атанса, Кеден ауданы үшінші орынға, ал, Алматы облысынан келген «Шырын» командасы төртінші орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Кубок, медальдар, диплом, бағалы және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

«Ауыл жаңалығы» – ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.