Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды (ВИДЕО)

80

Өзбекстан футбол федерациясы
Өзбекстан құрамасы футболдан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлем біріншілігіне алғаш рет қатысып тұрған Өзбекстан құрамасы Мехиконың әйгілі «Ацтек» стадионында Колумбияға қарсы ойнады.

Кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Колумбия сапынан Даниэль Муньос, Луис Диас пен Хаминтон Кампас гол соқты. Ал Өзбекстан құрамасында жалғыз голды жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев салды.

Ендігі кезекте көршілес елдің ойыншылары 23 маусым күні Португалия құрамасына қарсы ойнайды.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/283187-ozbekstan-quramasy-alem-cempionatyndagy-algasqy-kezdesuinde-zenilip-qaldy-video

Leave A Reply

Your email address will not be published.