1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Грин парк» демалыс орнында «Мейірімділік аралы» атты ерекше мереке өтті. Салтанатты шара «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен, орталық есебіндегі ерекше балалар мен олардың ата-аналарына арналып жоғары деңгейде өткізілді. Балалық шақ — адам өмірінің ең жарқын әрі қамсыз кезеңі.

Әрбір баланың жүзіне күлкі ұялатып, оларға шексіз қуаныш сыйлауды мақсат еткен Үйде күтім көрсету орталығы бұл күнді нағыз мейірімділік мерекесіне айналдырды. Шараның шымылдығы аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков пен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Олар өз сөзінде өскелең ұрпақтың, сонымен ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің қоғамдағы орны бөлек екенін атап өтіп, ақ тілектерін білдірді.
