Пробация есебінде тұрған азаматтар түзеу мекемесінің тұрмыс-тіршілігімен танысты

132

Тараз қаласында пробация есебінде тұрған 15 азамат Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесіне барып, мекеменің және онда жзасын теушілердің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бұл шара Қазақстан Республикасы ҚАЖ Комитетінің нұсқауына сәйкес, сонымен қатар пробация қызметі есебінде тұрғандар арасында жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендету, оларға тәрбиелік ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды. Өйткені, қылмыстың алдын алудың ең тиімді тәсілі – есепте тұрған азаматтарды бас бостандығынан айыру орындарына апару, шалыс басып, темір торға тоғытылғандардың тіршілігін көрсету.

— Біздің мақсатымыз — болашақта қылмыстық әрекеттерге бармауы үшін пробация есебіндегілерге қылмыстың салдарын көрсету, оларды тұтқындардың тұрмысымен таныстыру арқылы бүгінгі өмірін, отбасыларын, яғни барды бағалай білу керектігіне көздерін жеткізу, – дейді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев.

Шара барысында есептегі азаматтар мекемені толықтай аралап көріп, ондағы тұрмыс-тіршілікпен танысты, бір кездері сүрініп кетіп, қазір мерзімін өтеп жатқан жандармен сөйлесті.

– Мен мекемеге жасаған танысу шарасының нәтижесінде заңбұзушылықтан аулақ болып, адамгершілік нормаларын сақтап, заңға бағыну қажеттігін айтқым келеді. Әркім өз ісін жақсы білуі керек. Бір кездері жаза бастым, қазір пробация қызметінің есебінде тұрамын. Жазасын өтеушілердің тіршілігімен жақын танысқаннан соң бостандық бәрінен қымбат екенін түсіндім. Сондықтан мен еліміздің азаматтарын заңға қарсы әрекеттерге бармауға шақырғым келеді, – дейді мекеме жұмысымен танысқан азаматтардың бірі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.