❗️Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы биылғы пітір садақаның мөлшерін жария етті
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 640 теңге етіп белгіленді.
“Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ”,- деп хабарлайды ҚМДБ төрағасының орынбасары Сансызбай Шоқанов.
Осы ретте ол “тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисаб мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, сауап үшін беріп жатса өз еркі. Қайтыс болған адамдарға, ана құрсағындағы балаға пітір садақа берілмейтінін” айтып отыр.
Айта кетейік, биыл Рамазан айы наурыз айының 11-і күні басталады.