Павлодардағы әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан

38

Павлодар облысында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы іске асырылып жатыр.

Павлодардағы әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан

Сол жобаның аясында қадағалау органдары зорлық-зомбылық және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау жұмыстары жүргізуде.

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмаған балалардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиешінің кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды.

Бұл денсаулық жағдайы бойынша дәрменсіз және психоневрологиялық патологиясы бар үнемі күтімді қажет ететін балалар.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

сурет: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/251186-pavlodardagy-leumettik-mekemede-mugedektigi-bar-balalardy-uryp-sokk-an

Leave A Reply

Your email address will not be published.