Павлодарда 16 жастағы жасөспірім есірткімен ұсталды

28

Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді.

Павлодарда 16 жастағы жасөспірім есірткімен ұсталды

Павлодарда кәмелетке толмаған жасөспірім 223 грамм синтетикалық есірткіні сатуға тырысқан. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті хабарлады.

— Мамыр айында 16 жастағы жасөспірім есірткі таратумен айналысуға шешім қабылдағаны анықталды. «Куратордан» қаптамалар туралы ақпарат алғаннан кейін ол кэштен 223 грамм синтетикалық есірткіні алып кеткен. Оны кішірек етіп орап, қаптамалар арқылы сатуды жоспарлаған. Әрі бұл қызметі үшін төлемді банктік шотқа алуды жоспарлап қойған. Күдікті бәрін мойындап, ақша тапқысы келетінін түсіндірді. Есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Полиция жасалған қылмыстардың барлық мән-жайларын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға есірткі сатуға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

сурет:

Павлодар облысы полиция департаменті

https://turkystan.kz/article/251110-pavlodarda-16-zhastagy-zhasospirim-esirtkimen-ustaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.