Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше Баскөл ауылдық округі, Жаңатілек ауылы маңындағы Ертіс өзенінің жайылымында жалпы көлемі 140 гектарды құрайтын бес бөлек ошақта шамамен 70 тонна жаңа шабылған шөп, құрғақ шөп пен қамыс өртенді.
Өртті сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 57 көмекші, Баскөл ауылының мен Көктөбе орман шаруашылығының ерікті жасағы және 11 бірлік техникамен жұмылдырылған.
Өртті сөндіру жалынға соққан қатты, екпінді желдің әсерінен қиынға соғуда. Төтенше жағдайлар департаменті елді-мекендерге қауіп жоқ екенін мәлімдеді.