ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ӨТТІ

78
Бүгін Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссияны төрағасы, депутат М. Асемов жүргізіп отырды.
Комиссияның күн тәртібінде «Аудандағы құрылыс нысандарының жай-күйі» туралы аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Н. Сауырбаев және «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша Қарасаз ауылдық округі әкімінің м. а Ғ. Умбеталиев пен Қызыларық ауылдық округі әкімі Е. Сүгірбеков есеп берді.
Комиссия мүшелері» Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобаларының іске асырылуы, қатты қалдықтарды тастау орындарын ретке келтіру, көше жарықтарының жайы, Партияның «Жол картасы» аясында салынып жатқан нысандарға баса назар аудару, «сақалды» құрылыстар мәселесін шешу төңірегінде ұсыныстар енгізді.
Комиссия соңында қаулы жобасы ұсынылып, бекітілді.

 

Марат Нарымбек

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.