ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

71
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты жиынға қатысты.
Жамбыл облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен басқосуда жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, жеке сот орындаушылар палатасы және адвокаттар алқасының басшыларымен тақырып аясында бірқатар мәселелер талқыланды.
❗️Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, құқық қорғау органдары мен соттар әкімшілік істерді қарау барысында тығыз байланыста жұмыс атқарып, заң аясында шешу жолдарына ықпал ету қажеттігін, ең бастысы азаматтардың заң алдындағы тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын айрықша атап өтті.

 

Жамбыл Облысы Әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.