Оралда ер адам пойыздың астында қалып, мерт болды. Мамандар қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Орал апталығына» сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 4 ақпанда Орал станциясында күндізгі уақытта болған. Ер адам пойыздың астында қалып, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Айыпталушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ведомство тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.
Фото: depositphotos.com
https://massaget.kz/news/oralda-er-adam-poyyizdyin-astyinda-kalyip-mert-boldyi-124966/?fbclid=IwY2xjawIPWs9leHRuA2FlbQIxMQABHZVI6HaDWZNBSf8QDcxn1FaUKzaeqcJ5WPk5aEeUbFGEikp1MwuhNLNqnA_aem_JNrbCWjuCsuSuoULsWjNlQ