Қыс айының бітуіне санаулы уақыттар қалды. Көктемде еріген қар мол болған жағдайда су тасқынына ұласуы мүмкін. «Апат айтып келмейді». Дегенмен, тілсіз жаудың алдын алуға әрекет жасау маңызды іс болып табылады.![]()

Осы орайда, ауданымызда көктемгі су тасқынына қарсы шаралар қарқынды жүргізілуде.
Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Жаңатас қаласында бірқатар жүйелі жұмыстар қолға алынды.

Аудандық ТЖ бөлімімен жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, қауіпті азайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, су тасқыны кезіндегі жасалатын әрекеттер айтылды.
