Өнерпаздар аудан әкімінің қабылдауында

203
Оңтүстік астанамыз Алматы қаласында халықаралық «Жас дарын» конкурс — фестивалі проектісінің » Битва талантов» би байқауы өткен болатын.
Аудандық мәдениет орталығының «Hustle dance» би үйірмесінің кіші және орта тобы жүлделі орынға ие болды.
Жеңіс тұғырынан көрінген өнерпаздарды аудан әкімі арнайы қабылдап, ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, кіші топ «Army» биімен «Vip Gran-Pri» иегері атанса, орта топ «Just Got Paid» биімен «Vip Gran-Pri» сондай-ақ, «Violet» биімен «Gran Pri» жүлдесін қанжығалады.
Аталған би топтарының жетекшісі Агибаев Даулет «Ең үздік жетекші » номинациясымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.