«Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян»

600

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облыс әдебиетіндегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, өңіріміздің әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру мақсатында жүзеге асырылып отырған «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Меркі ауданының мақтанышы бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлдегер атанған, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ауылда тұрып, әдеби ортадан сыртқары жүріп те жігері мұқалмаған, қаламы қуатты, өлеңдері елдің ықыласына бөленіп жүрген, «Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Арман гүлі» «Фатима», «Бақыт», «Тәуелсіздік тартулары», «Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян», «Елге деген махаббат» кітаптарының авторы, ақын Шырын Мамасерікованың шығармашылығын насихаттау айлығының ресми ашылуы ретінде «Өлең құсы биіктерге самғаған ақын» жыр шашу кешін ұйымдастырды.

Замана үнін, ұлтының мүддесін өлең жолдарымен өрнектеп келе жатқан қазақтың қалам ұстаған қайсар, ақын қызы туралы жергілікті зиялы қауым өкілдері, ақынның қаламдас әріптестері, ақынның қаламдас әріптестері жазушы Елен Әлімжан, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Қайырбек Асанов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, композитор Дүйсенәлі Бықыбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы, Қазақстан жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, ақын, журналист, «Aq jol» газетінің бас редакторы  Хамит Есаман әсерлі әңгімелер мен қызықты естеліктерімен бөлісті.

Кеш барысында өзінің шынайылығымен, қарапайымдылығымен оқырманды баурап алатын ақынның жырлары оқылып, кітапханашы Алтынай Абдраимованың орындауында әндер шырқалды.

Жамбыл облысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.