Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

84
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Бақытгүл Жақсылықова №33 қоғамдық көліктің жүру аралығын жиілетуді сұрады.

Тағы бір тұрғын Алия Нұрманбетова егістік жеріне ұңғыма қазып беруін өтінді.

Ербол Қарашөкеев бұл мәселе жөнінде жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, қолдау бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар жайылымдық жер, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу сынды мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.