Облыстық «Маралтай оқулары» өтті

400
Сарысу ауданында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында «Маралтай оқулары» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Ақын шығармашылығына арналған сайыста аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қонақтарды қарсы алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
2 номинациядан құралған байқауда үміткерлер поэзияны сүйетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын, өлең жаза білетін ақындық талаптары бойынша сынға түсті.
Одан әрі Маралтай Райымбекұлының шығармаларын жетік меңгеруі бойынша әділқазылар алқасының бағасын алды.
Қазылар мүшелерінің қатарында ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, қазақтың қара өлеңінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан ақын, жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш», «Дарын» сыйлықтарының иегері Маралтай Райымбекұлы, сонымен қатар эпик жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист Берік Мырзалыұлы, ақын, композитор, Сарысу ауданының азаматы, Игілік ауылының тумасы Асхат Абзелбеков, «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің директоры Оралхан Дәуіт, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшылары болды.
Талапқа сәйкес қатысушылар өлең – жырлардағы сөз қолданысына, ой жүйелігіне, көркемдік ерекшелігіне, шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне баса назар аударылды.
Маралтай оқуларының қорытындысы бойынша топтан оза шауып, көптің ішінен дараланып көрінген үміткерлер арасында арнау номинациясы бойынша 16 баланың ішінде Дархан Айзатхан, Еркеназ Шәріпхан 1 орынды, Әсел Шерімбаева, Альбина Жұмабай, Инсан Рызбай 2 орынды, Ерсұлтан Есімқұл, Қуаныш Сұлтаналы, Мирас Ғали 3 орынды иеленді.
Ал, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша 17 қатысушының ішінде Мөлдір Бейсенбек, Қырмызы Әубәкір 1 орын, Әсемай Құрманғали, Жансая Тоқбай, Дархан Мәтбай 2 орын, Алдияр Жүзбай, Аршат Ниетбек, Толғанай Әбілахат 3 орынды жеңіп алды.
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.