ОБЛЫС ӘКІМІ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

65
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар үздік педагогтармен кездесіп, оларға марапат табыстады.
✅Облыс басшысы кездесуде білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.
Келесі кезекте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министірінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қосқан елеулі үлесі үшін Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің директоры Ляззат Мырзабекованы марапаттады.
️Сондай-ақ, республикалық «Үздік педагог» конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған өңіріміздің 6 мұғалімі де марапатқа ие болды.
Бұдан бөлек, 5 педагог «Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» құрметті атағы төсбелгісіне және 300 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі (1 035 000 теңге) сыйақысына ие болды.
Педагогтарды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.