Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие

51
Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие. Бұл, бір жағынан, шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік.
Айталық, биыл Тараз қаласында 26 ауланы абаттандыру жоспарланған болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жеңімпаз болып танылған «Проект и К» ЖШС барлық тиісті жұмыстарды толығымен аяқтады.
Атап айтсақ, Рысбек батыр көшесі, №6, 6 «А», Достоевский көшесі, №21 «А», Асқаров көшесі, №275, 275 «А», Сәтбаев көшесі, №7, Волков көшесі, №1 «А», Сүлейменов көшесі, №10, Телеорталық көшесі, №3, Заречная көшесі, №44, «Аса» ықшамауданы, №11, 26, 27, 28, 32, «Қаратау» ықшамауданы, №32, «Ақбұлақ» ықшамауданы, №9, Қазыбек би көшесі, №115 мекенжайларында орналасқан аулалар жаңғырып, тұрғындар игілігіне берілді.
Сондай-ақ Ниетқалиев көшесі, №12, Қонаев көшесі, №6, Желтоқсан көшесі, №237, Байзақ батыр көшесі, №168, Узбекский көшесі, 2-ші бұрылысы, №12, Аққозиев көшесі, №5, «Салтанат» ықшамауданы, №10, «Самал» ықшамауданы, №12, 14, «Талас» ықшамауданы, №19, 20, «Алатау» ықшамауданы, №11, 13, 16, 17, «Арай-2» ықшамауданы, №17, «Бәйтерек» ықшамауданы, №30, 31, 42 мекенжайларында да балалар қуанышқа кенелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.