«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының жаңа төрағасы сайланды

927

Тараз  қалалық Мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының  кезектен тыс ХХІІІ конференциясы  өтті.

Жиынға мәслихат депутаттары, жергілікті бастауыш партия ұйымдары жетекшілері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ардагерлер кеңесі, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Конференция жұмысын «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков ашып, конференцияның күн тәртібі мен регламентін таныстырып өтті.

Келесі кезекте мандат комиссиясының төрайымы, делегат Гаухар Тәжібаеваның хабарламасы тыңдалып, бекітілген соң «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы саяси бюросының мүшелігіне үміткер Ғалымжан Әбдірайымовтың қысқаша өмірбаянымен таныстырды. Делегаттар ұсынылған кандитатты жақтап, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы саяси бюросының мүшесі етіп бір ауыздан жақында тағайындалған Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовты сайлады. Қала басшысы өзіне сенген партия мүшелері алдында лайықты еңбектенетінін айтты.

Бұдан кейін баяндаманы талқылауға кезек берілді.

Конференция барысында қаралған негізгі мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінен туындайтын міндеттер туралы «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков баяндама жасап, Елбасы Н. Назарбаевтың Үндеуін және партия тұғырнамасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.