Неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әкесі екендігін анықтау, атын өзгерту, қайтыс болу туралы мәліметтерді түзету
Қызметті онлайн алу
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Барлық міндетті өрістерді толтырып, файлдарды бекітіңіз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
Қызмет көрсету нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру мәртебесі туралы ақпарат.
Сарысу аудандық ХҚК бөлімінің басшысы К.Аманкулов