Нәтиже бар, кедергілерде аз емес

71

2019 жылы құрылған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» биылғы жылды оң нәтижемен қорытындылап отыр. Жыл бойы аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиалдарының қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салды. Жолшылар қара жолдағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, құзырлы мекемелер мен мердігер ұйымдарға тиісті хат жолдады.

Мәселен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» облыстық филиалы барлық анықталған ескертулер бойынша тапсырыс беруші мен мердігерлерге барлығы – 145 хат жолдаған. Сондай-ақ, жол полициясына 2 хат жіберілген. Осынау хаттардың негізінде және көктемде жолшылар мен тәртіп сақшыларының бірлескен тексерулерінің нәтижесінде 8 ұйым жазаланған.

Бұл кезеңде жергілікті желі бойынша 424 шығу жүзеге асырылса, жол-құрылыс материалдарының 1833 үлгісінен сынама алынған. Нәтижесінде 855 (47%) сынаманың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болған. Бұдан бөлек, бас-аяғы 30 бұзушылық анықталып, оның ішінде 10 бұзушылықтың өрескел екені мәлім болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.