«2000 мектеп» жобасы өз жемісін беруде

68

Бүгінде Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жолшы мамандығында білім алушылардың саны артқан. Студенттер «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» өңірлік филиалында 6 айлық тағылымдамадан өтіп, аға буын өкілдерінен тәлім алған. Ал, бұл кезеңде білімгерлерге белгіленген мөлшерде ақы да төленген.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығының» бастамасымен сәтті жүзеге асқан «2000 мектеп» жобасы жас буынға жолшы мамандығының маңызын түсіндіруде айрықша рөл атқарады. «1000 мектеп» жобасының заңды жалғасы боп саналатын бұл жоба аясында өңір-өңірдегі жолшылар әрбір білім ұясына бас сұғып, жасөспірімдердің осы іске қызығушылығын оятуда.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаев саланың кездесулерде ізбасарларына қыр-сырын түсіндіріп, әріптесі болуға шақырғанын жеткізді.

— Биыл жоба шеңберінде 70 мектеп пен 9 колледжге арнайы барып, жастардың осы салаға деген қызығушылығын арттыруға күш салдық. Бұдан бөлек, жергілкті жастардың басын қосып «Ашық есік күнін» ұйымдастырдық. Нәтижесі жаман емес. Мәселен, облыс орталығындағы бірнеше білім ошағындағы түлектер болашақта осы салада жұмыс істеуге ниетті екендіктерін айтты. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан гуманитарлық мамандықтардан гөрі техникалық мамандықтарға көптеп көңіл бөлінуде. Сондықтан, жолшы мамандығын таңдаған жастар қашанда сұранысқа ие болатынына сенім мол, – деді Ж.Шәкірбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.