ҚАЖД қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетті

60

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы №2 қарттар үйінің тұрғындары да ескерусіз қалған жоқ. Бұл күні қазыналы қарияларды құттықтауға өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері арнайы атбасын бұрды.

Жылы жүздесуде өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов аға буын өкілдеріне жүрек жарды лебізін білдіріп, қарияларға құрмет көрсетті. Сондай-ақ, ол барша әріптестерінің атынан қарттарға арналған сый-сияпатты табыс етті.

Соңында қарттар үйінің тұрғындары ҚАЖД қызметкерлеріне баталарын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.