Нан бағасы бойынша ақпарат

78
Қазіргі таңда Тараз қаласында ЖК «Козин А.А», ЖК «Бидай нан», ЖК «Касымов М.», ЖК «Ким В.В.», ЖК «Шермухамедов В.»,ЖК «Кучуков», «Надыров Р.Б» ЖШС және «Тараз нан зауыты» ЖШС сынды 8 наубайхана жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың ақпан айына дейін жоғарыда аталған наубайханалар дотациялық ұнды «Тараз ӘКК» АҚ-нан 106 теңгеден алып келген болатын. Ал осы ақпан айынан бастап наубайханаларға Тараз ӘКК» АҚ-нан дотациялық ұн беру тоқтатылды. Соған байланысты наубайханалар нан бағасын қымбаттату жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына ұсыныс жасаған еді.
Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде дүкендерде нан бағасын 120 теңгеден өткеру келісілді. Осылайша ағымдағы жылдың 2 ақпанынан бастап наубайханалардан нан 105 теңгеден жіберілсе, тасымалдаушылардың қызметі 11-12 теңге (дүкеннің орналасқан қашықтығына байланысты), сауда нүктелері 3 теңге қосып, дүкендерде сату бағасы 120 теңгені құрайды.
Осы ретте атап өтерлігі, «Дәмді себет», «Фиркан», «Магнум», «Нурислам», «Small» сауда желілері, «Үй жанындағы» 68 дүкенде және 16 әлеуметтік дүкенде нанның бағасы 100 теңгеден саудаланатын болады.
Бұл жағдайға қала тұрғындарының түсіністік танытуын сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.