НАҒЫЗ БАСШЫ

258
Әр басшының өзіне тән мінезі, жұмыс стилі бар ғой. Біреу шебер ұйымдастырушылық қабілетімен көрінсе, біреу күйбең тірлікпен уақытын өткізіп…
Ал бірі, өз бетімен бастама көтермейтін редакторлар да кездесті. Идеясы жоқ, енді біреуі жиын-жиналыстан қалмай көзге түсудің әдісімен өмір өткізеді. Енді бірі жағынудың амал-айласымен күнелтеді.
Сонымен қатар миымызды сахарадай қайнатқан редакторды да көрдік…
☝️Байқағаным, мектепке – директор, театрға – басшы, газетке редактор болу мүлдем қиын қызмет пе деп ойлаймын.Неге газетке редактор болу қиын?
✊Өйткені газетке кеудесіне «нан піскен», бәрін де өзім білем дейтіндер шоғыры жинақталады.
Көп білетіндерге көп білетін нағыз редактор керек…
Сарысу аудандық газетінің нағыз әрі азулы редакторы-Жаңабай Миллионов болды.
Ол кісімен алғаш кездескенімде, менің жоғарғы оқу орнын бітірген жас кезім. Сұсы мен мысы басым жанның қоластында жұмыс істеу, сын мен шынды көтере алмайтын маған оңай соқпады…
Күндер өтіп жатты.
– Қара шаңырақты қадірлеңдер. Құпияны сақтаңдар. Жазуларың әділ болсын. Ақшаға қызықпаңдар. Арттарыңнан сөз ермесін. Бұл киелі шаңырақ. Көтеріп тұрып тастап жібереді,көтере алмасаңдар… Асып таспаңдар…күнделікті басшыдан еститін сөзіміз.
Адам шарапат пен қиянатты әсте ұмытпайды ғой. Ширатып, өзі сынап, әкеміздей ұрысып, өзгелерден қызғыштай қорып, нағыз редактордың үлгісін көрсеткен Жаңабай ағаны сол кездері жақтырмасам да, осы күні шарапаты тигенін анық білемін!
Нағыз балапанын шыңға балаған қыран секілді, жоқтан бар жасап, аядай ауданнан талай мен деген қалам ұстарларды түлетіп, тентекті тезге салды.
Ой о кісі туралы айта, жаза берер дүние көп. Жұмыстан кешіксек, сұсынан сескеніп, кішкентай форточкадан кірген сәттерді сол кездегі әріптестер ұмытпас.
Қызыл машинасының өзін көріп қалсақ көшеден бойымызды тіктеп, артық сөйлемеу, сыр сақтауға жақын болып, бос мақтаннан аулақ болуды үйреткен де сол жылдар ғой …
️Жақсы редактор түзейді деген осы екен. Ұстаз, басшы, сыншы бола білген Жаңабай ағамның алдына кірген шимай шатпағымызды газет бетінен көргенде өзімізді айтуды журналистей сезініп, қанатымызды қомданғанымыз да жасырын емес …
♥️Бәрі үшін сізге алғысым шексіз ұстаз! Туған күніңізбен! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, бақыт, байлық тілеймін
✅ Күлпандай текті жишемізбен ғасыр жасап, кейінгі жастарға өнеге болып жүре беріңіз!
Дариха Пазылбекқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.