«Мойынқұм мақтаныштары-2023» жастар форумы.

66
Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мойынқұм мақтаныштары» жастар форумы өтті. Форумның мақсаты: аудан жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру. Іс шараға аудан басшысы Ә. Балқыбеков қатысып аудан жастарына ізгі тілектерін жеткізді.
Ауданның әр түрлі салада өзін белсенділігімен көзге түскен 21 жас өз бақтарын сынап, 12 жас,12 номинациясы бойынша аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Олар: Дузелбай Еркебулан Кайратұлы үздік жас мұғалім,
Көкірекбай Ақеділ Төлебайұлы үздік жас спортшы,
Жайлау Мейірхан Әлиханұлы үздік мемлекеттік қызметші,
Жүнісқызы Мақпал үздік жанашыр жүрек,
Мамбеталиев Ақжан Алпысбайұлы үздік жас әнші немесе музыкант, Мейірханқызы Берік Жаншырай үздік жас оқушы,
Сағадин Ерқанат Нұрланұлы үздік жас волонтер,
Советхан Шакизат Әсетханқызы жеке кәсіпкер,
Каипов Нұрсұлтан үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері, Байтай Дидар театр немесе кино саласының үздік жас актері, Мырзабай Жомарт үздік жас қоғам белсендісі, Жүнісбеков Бағлан Кыдырәліұлы үздік
жас медицина маманы бойынша аудан әкімінің жастар сыйлығы иегері атанды. Ал Мойынқұм ауданы мәслихатының құрмет грамотасымен Мұсахан Телжан Салаватұлы,Төребек Айым Жамбылқызы, Төлен Меруерт Әділханқызы,Берік Жаншырай,Сейсенбаева Аяулым Мадиярқызы марапатталды.
Ескараева Айгерим Куантаевна, Үмбетқұлова Алуа Гаухарбайқызы Аманат партиясының алғыс хаттарымен марапатталса,
Қырғызбаев Нұрислам Қайратұлы, Елубаева Гульсия Миятовна Ақ жол партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Мойынқұм Ауданы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.