МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

82
Үстіміздегі жылдың мамыр-қазан айларында өңірімізде «Мәдениет-асыл қазынам» атты мәдениет күндері өткен болатын. Әр өңірдің абыройын айқындайтын мәдени шара облысымызға қарасты барлық аудандарда ұйымдастырылып, күні кеше үздіктер анықталды.
Атап айтқанда, Мойынқұм ауданы бұл додада жүлделі ІІІ-орын иеленіп отыр. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Ә.Балқыбеков облыстың жүлдесін өзі табыс ету үшін іс-шараға қатысқан аудан өнерпаздарын, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларын аудандық мәдениет үйінің фойесінде салтанатты түрде құттықтады.
Өз кезегінде аудан басшысы «Мәдениет-асыл қазынам» атты мәдениет күндерін өткізуде аудан бойынша бар күш жігерін салып атсалысқан азаматтарға шын жүректен ризалығын білдіріп, алғыс айтты!

 

Мойынқұм Ауданы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.