Меркіде 4269 гектар тәлімді егістік жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды

266

2023 жылға бекітілген жоспарға сай Меркі ауданы бойынша 10 мың гектар жерді қайтару керектігі жоспарланған.
Ағымдағы жылдың маусым айына дейін жалпы ауданы 4885 гектар, оның ішінде 616 гектар жайылым, 4269 гектар тәлімді егістік жерлер мемлекеттік жер қорына қайтарылды.
Атап айтқанда, Ақермен ауылдық округіндегі «Меркі» асыл тұқымды зауыты АҚ-ның пайдаланылмай жатқан ауданы 3910 гектар егістік жері Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 05 сәуірдегі шешімімен және Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 05 маусымдағы қаулысымен жер қорына қайтару туралы талап қою қанағаттандырылды.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 12 маусымдағы ұйғарымына сәйкес, «SmartAgroKarkara» ЖШС-нің ісі бойынша, үш жақты келісім рәсімдері жүргізіліп, Кеңес ауылдық округінің аумағынан жалпы ауданы 265 гектар егістік жер телімдерін өз еркімен аудандық жер қорына қайтаруға бітімгершілік келісім бекітілді.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауылдық округі тұрғындарының тарапынан түскен арыздарына байланысты Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 17 қаңтардағы ұйғарымына сәйкес ауданы 15 гектар егістік жер сот тәртібімен қайтарылып,елді мекеннің ортақ пайдаланудағы жері болып белгіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.