Биыл Тараз қаласының 68 көшесіне жарық орнатылады

124

Бүгінде Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде. Осы орайда тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында көшелерге түнгі жарық орнату да аса маңызды екені белгілі.

Айталық, облыс орталығында биыл 68 көшеге жарық жүргізілуде. Оның ішінде 2-ші Завод, 3-ші Завод, Завод, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 Строительный, 1-ші Строительный, 2-ші Строительный, Стариков, Байқоразов, Цветочная көшесінің бұрылысы, Хмельницкий, Науаи, Чехов көшесінің 2-ші бұрылысы, Химик, Овсянников, Акмолинская-Артем, Железнодорожная, Менделеев, Народная, Абдиров, Дачная, Майлықожа, Домалақ ана, Бебел, Түрксіб-1, Турксіб бұрылысы, Комаров – Локомотивная бұрлысы, Лобачевкий, Райымбек-1 Райымбек бұрылысы (Кутузов), Толстой-Тындыбеков, Тухачевский-Азизбеков, Мусорский (Пірмановтан – Сыздықов көшесіне дейін), Молдарбеков, Молдарбеков тұйығы, Уездная бұрылысы, Клубничная-Ягодная, Сарымолдаев, Есенин-Анарбаев-Беделбаев, Лукманов (Теміржолдан КЕГОК-қа дейін) – 1-ші Лукманов бұрылысына дейінгі көшелерде тоқсан пайыз жұмыс аяқталды.

Ал, «GIobal Lighting Group» ЖШС мердігерлігімен жұмысы басталған Медеу, Барыс, Ақбастау, Байтақ, Жихангер-Аккорған, Қосанов, 2-ші Степная — Жас Даурен, Лазеров, Пирогов, Кулжабаев, Жетису  көшелерінде 30 пайыз жұмыс аяқталса,  «Ерасыл Құрылыс-2013»   ЖШС- і  Смаилов, 1-ші Смаилов бұрылыстары, Ақбоз батыр, Болатов, Жанасаз, Бұқар жырау, Алатау, Вонская, 3-ші Сухамбаев, Чернышова көшелерінде жарық шамдарын орнату жұмыстарын келесі айдын ортасына қарай аяқтауды жоспарлауда. Сондай-ақ, Ақжол-Ақжол бұрылысы (Дальная), Гончаров, Шмит, Назарбаев мектебі (Айша бибі көшесінен 13 мөлтек ауданға дейін), Уалиханов 4-ші бұрылысы, Рахмати (Қойгелдіден Туйебаевқа дейін), Қасымбеков, Утеулиев, Утеулиев  бұрылысы, Қарахан көшелерінде жұмыс жиырма пайызға орындалған.

Жалпы, жоғарыда сөз болған 68 көшеде жұмыс қарқыны жаман емес. Барлығы тиісті кестеге сәйкес жүргізілуде. Жарық шамдарын орнату толық аяқталса, заң талаптарына сәйкес, монтаждау жұмыстары басталып, құжаттары рәсімделеді. Осылайша Тараздың көшелері самаладай жарқырайтын күн жақын.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.