Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

70
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
 altaynews.kz

Жаңа жыл мерекесіне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1-2 қаңтарда жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтына хабарлады.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, ХҚКО-лар 3 қаңтардан бастап әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК өкілдері орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайтынын еске салды. Сондай-ақ кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Мемлекеттік корпорация сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, бақыт пен молшылық тілейді», — делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/238309-mereke-k-nderi-h-ko-lar-alay-zh-mys-isteydi-3

Leave A Reply

Your email address will not be published.