Салауатты өмір салтын насихаттау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Мен шахмат жеңімпазымын» атты жастар арасында шахматтан турнир өткізілді. Шахмат ойындарымен қатар турнир сапасын арттыру және қызықты өткізу мақсатына шахмат турнирімен қатар тоғызқұмалақ, дойбы ойындары да өткізілді. Шахмат турнирінің нәтижесінде Дүйсен Аружан бірінші орын иеленсе, екінші орында Айтжанова Бекзат, үшінші орынды Дүйсен Маржан қанжығасына байлады. Турнирдің марапаттау салтанаты Тараз қалалық жастар ресурстық орталығына қарасты «Coworking» залында ұйымдастырылып жеңіске жеткен жастар ұйымдастырушы топ өкілдерімен жүздесті.