«Донор бол» атты қан тапсыру акциясы өтті

107

Тараз қаласы аумағындағы Әл-Фараби көшесі бойында орналасқан Жамбыл облыстық Қан орталығында «Донор бол» атты қан тапсыру акциясы өткізілді. Қан тапсыру акциясына Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері,  жастар мен студенттер және ерікті жастар тартылды. Қан тапсыру акциясына келген қатысушылар бірінші тексерістен өтіп, дәрігерлердің рұқсатынан соң ғана қан тапсыруға жіберілді. Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс екенін және алдағы уақытта акцияға тұрақты түрде қатысатындықтарын жеткізді қатысушылар.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.