Мекеме басшылығына алғысын білдірді

113

Түзеу мекемесінде жазасын өтеп, ақ пен қараны ажыратардай дәрежеге жетіп, қоғамға қайта бейімделіп шыққан азаматтар көп жағдайда қиын сәтте қолдау көрсетіп, тура жолға салған мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне разылығын білдіріп жатады. Осындай жанның бірі – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп, шартты түрде мерзімнен бұрын бостандыққа шыққан Н. С. есімді азамат.

Мекемеден босатылуына байланысты ақ қағаз бетіне ақжарма тілегін жазып қалдырған ол мекемеде өткен уақыт аралығында моральдік тұрғыда демеу көрсетіп, өзінің жіберген қателіктерін түсінуге, өмірдің мәнін қайта ұғынуға сеп болған барша мекеме ұжымына алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Н. С. жазасын өтеу барысында сырқатынан айығуға жәрдемдескен мекеме дәрігерлеріне ыстық ықыласын білдірді. Бұдан бөлек мекеме басшылығы шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан сотталғанға көмек көрсетіп, түзу жолға түсуіне жағдай жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.