ОРТАЛЫҚ ПСИХОЛОГЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСІП, КЕҢЕС БЕРДІ

129
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Экономика және құқық әндер» циклдік әдістемелік кеңесінің ұйымдастыруымен еліміздегі отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке және отбасылық құндылықтарды насихаттау, қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру мақсатында «Бақытты отбасы — қоғам қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді. Жиынға «Анаға тағзым» орталығының психологы Марал Хантөреқызы қатысты.
Дөңгелек үстел жиыны барысында психолог «Ерте некенің ертеңі күмәнді» болатыны жайында түсініктеме беріп, жастарға ағартушылық бағытта дәріс оқыды. Сондай-ақ, «Анаға Тағзым» орталығының жұмысы таныстырылып, тренингпен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.