Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльз бен Королева–консорт Камилланың таққа отыру рәсіміне қатысты.
Салтанатты іс-шара Лондондағы Вестминстер аббаттығында өтті.
Ерлан Қошанов британ монархына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.
5 мамырда Мәжіліс спикері Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлимен және Мемлекеттік инвестициялар министрі лорд Доминик Джонсонмен кездесті. Айта кету керек, Д. Джонсон екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болды.
Сапар барысында екіжақты қарым–қатынастар, сондай-ақ халықаралық және өңірлік саясат мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Лондонда Британ–Қазақ қоғамының төрағасы лауазымында елдеріміз арасындағы достық байланыстарды он жылдан астам белсенді дамытып келе жатқан Руперт Гудман мырзамен кездесу өтті.
https://turkystan.kz/article/222211-mezhilis-toragasy-iii-charlzdin-takka-otyru-resimine-katysty/