Мәсімовтің «америкалық арманы»: 16 үйдің иесі кім?

296

Кәрім Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» бабымен тергеуге әрі қамауға алынғаны бәрімізге белгілі. Ендігі негізгі сұрақ – Қазақстанның екі мәрте премьер-министрі болған, банк басқарған, бай-бағландардың ортасында жүрген, әккі әрі сақ саясаткер адам қалай бұл қылмысқа барды?

Жуырда «smi24.news» сайты АҚШ-тың әр түрлі штаттарындағы Кәрім Мәсімовке тиесілі деген зәулім үйлер мен жылжымйтын мүліктер туралы жазыпты.

«Жауап қарапайым, «ашкөздік» . Батыстың арнайы зерттеушілері тұзағына түскен оның «опасыздығына» сол «ашкөздігі» кінәлі болса керек. АҚШ жылжымайтын мүлік тізілімдерінің мәліметтері бойынша, Кәрім Мәсімов пен оның шетелдік достары «цифрландыру» туралы тезисті өзінше түсінгенге ұқсайды.

Кәрім Мәсімов жұбайының бауыры Машуров Дильшат Азатұлы арқылы АҚШ-тың әртүрлі жылы штаттарының бай аудандарынан сәні келіскен 16 үйді иеленген», — деп жазады басылым.

Америкалық жылжымайтын мүлік компанияларының ресми сайттарында бұл мүліктің жалпы құны 20 миллион доллардан асады деп жазылған.

Төменде ашық дереккөздерден алынған мәліметтер бойынша үйлердің фотосуреттері мен картадағы орындары көрсетілген. Қараңыз:

2450 шаршы футтан асатын екі қабатты зәулім үй, 2 автокөлік қоймасы бар.

Жылжымайтын мүліктің құны —1 988 900 АҚШ доллары.

Калифорния штатының Фримонт қаласында орналасқан.

Ауласындағы бассейнін қосқанда 1349 шаршы метрлік бір қабатты үй.

Жылжымайтын мүліктің құны — 902 500 АҚШ доллары.

Калифорния штатының Фримонт қаласында орналасқан.

2 376 шаршы метрлік үлкен сарай.

Жылжымайтын мүліктің құны — 732 700 АҚШ доллары.

АҚШ-тың Калифорния штаты, Линкольн қаласының беделді ауданында орналасқан.

942 шаршы футтан асатын төрт деңгейлі пәтер, 2 жатын бөлмесі мен бассейні бар.

Жылжымайтын мүліктің құны — 639 200 АҚШ доллары.

Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында орналасқан.

2500 шаршы футтан асатын екі деңгейлі сарай, 3 жатын бөлмесі және 2 көлікке арналған қоймасы бар .

Жылжымайтын мүліктің құны — 506 500 АҚШ доллары.

Аризона штатының Чандлер қаласында орналасқан.

Ауласында бассейні бар 2200 шаршы футтан асатын жайлы бір қабатты үй.

Жылжымайтын мүліктің құны  — 491 200 АҚШ доллары.

Аризона штатының Феникс ауданында орналасқан.

1182 шаршы футтан асатын екі қабатты сарай, 2 жатын бөлмесі және қоймасы бар.

Жылжымайтын мүліктің құны — 300 000 АҚШ доллары.

Аризона штатының Темпе қаласында орналасқан.

1114 шаршы метрлік 2 бөлмелі, қоймасы бар пәтер.

Жылжымайтын мүліктің құны — 256 500 АҚШ доллары.

Сан-Диего штатының Рапид сити қаласында орналасқан.

Аризона мемлекеттік университетінің жанындағы кеңсе, ауданы 560 шаршы фут.

Жалға алу құны — 1 320 АҚШ доллары.

Кеңсе Аризона штатының Темпе қаласында орналасқан.

«Бұл аталғандар Мәсімов пен оның отбасының Америкадағы аз ғана мүлкі. Алдағы уақытта басқа жасырғандары да белгілі болып қалар», — дейді сайт.

Айжан Темірхан

Leave A Reply

Your email address will not be published.