Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Терроризм деген не? Өзіңді қалай қорғауға болады?» тақырыбындағы әлеуметтік маңызы бар жобасы барысында Қаратау технология, білім және бизнес колледжінде диалогтік алаң өткізілді.
Іс-шара мақсаты: жастардың дұрыс жолда болуын, діни сауатын арттыру. Іс-шараға студенттер, мұғалімдер қатысты. Жиынға арнайы қонақ ретінде шақырылған «SANA» оқыту орталығының коучер-тренері Данияр Өмірбеков сөз бастап, терроризмнің қоғамға, елімізге әкелетін зиянын,оның түпкі нәтижесі қандай болатынын түсіндірді. Келесі қонақ – білікті исламтану маманы Бахтияр Амиреев терроризмнен қалай қорғанамыз, қандай іс қолданамыз, кімге жүгінеміз тақырыбын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына толығымен жауап берді. Тақырыпқа сәйкес іс-шара барысында таратпа материалдарды мемлекеттік және орыс тілінде қатысушыларға таратылып берілді.
Диана Әбдіғаппар,
«Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы