Фото: stylishbag.ru
Доктор Пунам Десай түсіндіргендей, кофеиннің ыдырау кезеңі бес-алты сағатты құрайды және адамның ұйықтап кетуіне жол бермейді.
Дәрігер өзінің түстен кейін кофе ішпейтінін, өйткені ол ұйқының сапасына қатты әсер етеді дейді маман. Түстен кейін немесе кешке кофе ішсеңіз, таңертең шаршап оянуыңыз мүмкін.
Ұйқының жетіспеушілігі, өз кезегінде, мынадай ауру түрлерін тудырады:
- жүрек аурулары;
- бүйрек проблемалары;
- жоғары қысым;
- қант диабеті;
- инсульт;
- семіздік;
- депрессия.
2015 жылы халықаралық ғалымдар тобының зерттеулері “егер адам ұйықтар алдында үш сағат бұрын бір кесе эспрессо ішсе, оның күні бойы белсенділігіне зиянын тигізетінін” дәлелдеді.
Сонымен қатар кофе ішетін ыдыстарды таңдау да маңызды. Олар кофені пластмассадан жасалған ыдыспен ішпеуге кеңес берді.
«Пластикалық ыдыстар қызған кезде эндокриндік жүйені бұзатын қауіпті заттарды шығаруы мүмкін», – деді доктор Пунам Десай.
АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі пластмассадағы химиялық заттардың әртүрлі денсаулық проблемаларын туындататынын айтты:
- ұрпақ сүю жүйесіне зиян;
- қатерлі ісік қаупін жоғарылатады;
- иммундық және жүйке жүйесінің дисфункциясын тудыруы мүмкін.https://stan.kz/mamandar-kay-uakitta-kofe-ishuge-bolmaytinin-aniktadi-388594/